Текст
26.05.2021
25 мамыр күні 4-б сынып оқушысы Минченков Ярослав 1-б сынып оқушылар арасында «Зерде» мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауында 2 орын алғаны үшін дипломмен марапатталды. Ярослав «Қоқыс- бұл маңызды. Менің қалам» тақырыбында жоба дайындады. Жоба жетекшісі Алтыбаева А.С.
26.05.2021
25 мамыр күні №4 ЖОМ 7 сынып жетекшісі Абдуллина Нажия Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 25 аудандық ғылыми-практикалық конференциясында 3 орын үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Нажия «Мұғалімдердің сүйікті аттары» тақырыбымен ҒПК дайындап сөз сөйледі. Жетекшісі Коваленко О.В.
25.05.2021
Күнтізбе мамыр айының соңғы күндерін санайды. Жылдан-жылға 25 мамыр күні мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар жылы сөздерін айтып, түлектерге емтиханды сәтті тапсыруды тілейді. №4 ЖОМ 9 сынып оқушылар үшін «Соңғы қоңырауға» арналған салтанатты жиын өткізілді. Мектеп күндері өтті. Сыныптан-сыныпқа ауысып, 9 сынып оқушылары өсті, әрқашан олармен бірге әділ мұғалімдер болды. Түлектерді мектеп директоры Ашкенова А.К., «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша Атбасар қаласының білім бөлімі» ММ әдіскері Копеева К.С., педагогикалық еңбегінің ардагері Үндүбай М.Қ., ата-аналар комитетінің төрайымы Садвакасова Б.М., ата-аналар комитетінің өкілі Антонец Н.Г. құттықтады. ОТІ орынбасары Тулеуова А.К. «9 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға жіберу туралы» бұйрығымен таныстырды. 9 сынып жетекшісі Текенова С.К. сәттілік, денсаулық және табыс тіледі. Соңғы қоңырау соғу құқығы 9 сынып оқушысы Иванов Николай мен 1 сынып оқушысы Бакун Маргаритаға берілді.
25.05.2021
«Қазақстан Республикасының үздік кітапханасы» Республикалық онлайн-байқауда №4 ЖОМ кітапхана меңгерушісі Жангожина А.А. «Мектеп» секциясы, «Біздің кітапханаға қош келдіңіз» номинациясында ІІІ орынға ие болды.
25.05.2021
№4 жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жусупбекова Шадияра облыстық Махамбет оқуларына,, Ұлы дала" номинациясына қатысып, белсенді қатысқаны үшін Сертификатпен және сыйлықпен марапатталды.
21.05.2021
Мамырдың 21 күні мектепалды даярлық сыныбында «Оң қолымда бес саусақ» тақырыбында қазақ тілі сабағы өтті.Мақсаты: оң қол,сол қолдарын ажыратуға үйрету. сергіту мен қимыл қозғалысы сәйкестендіріп ойнай алу дағдысын қалыптастыру. Басқа балаларды тыңдау білуге,олармен бірлесіп қимыл – қозғалыстар жасауға тәрбиелеу. «Тыңда, көрсет, қайтала» сөздік ойынын ойнау.Дөңгеленіп шеңбер боп,сергіту жаттығуларын жасадық.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары жақсы көңіл күймен арта түсті. Мұғалім:Уатхан К.
21.05.2021
2 маусым күні 9 сынып оқушылары математика пәнінен емтихан тапсырады. Алгебра бойынша жазбаша емтихандық жұмыс екі бөлімнен тұрады, жалпы тапсырмалардың саны-15. А бөлімі ұсынған 5 жауаптың ішінен бір дұрыс жауап таңдалған 10 тапсырма бар. Алгебра сабақтарында, емтиханға дайындалу мақсатында, оқушыларға мүмкіндік болатын 5 жауаптың ішінен дұрыс жауабын таңдай отырып, тест тапсырмаларын орындады. Сабақтан тыс уақытта консультациялар, білімдегі олқылықтарды жою үшін қосымша сабақтар өткізілді. 2 июня учащиеся 9 класса будут сдавать экзамен по математике.
19.05.2021
2021ж. 19 мамыр күні дінаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша онлайн-семинар өткізді. Семинар барысында №4 ЖОМ 4-а сынып жетекшісі Алтыбаева А.С. белсенді қатысты.
19.05.2021
Жастардың әлеуметтік мәселелерін талдау, қазіргі кездегі жастардың негізгі әлеуметтік мәселелерін зерттеу-жоғары сынып оқушылары арасындағы тәрбие жұмысының міндеті. 2021ж. 19 мамыр күні №4 ЖОМ 9 сынып жетекшісі Текенова С.К. және 10 сынып жетекшісі Муратова А.Р. «Әлеуметтік мәселелерге жастардың қатынасы» тақырыбына сауалнама өткізді.
19.05.2021
2021ж. 17.05. күні мектептің даму жоспарына сәйкес №4 ЖОМ мұғалімдерімен коучинг өткізілді. Тақырып: «Инклюзивті білім беру процесін ізгілендіруге қалай әсер етеді?». Коучинг барысында түрлі стратегия мен әдістер қолдана отырып, бей-жай тыңдаушылар болған жоқ. Мұғалімдер тақырып бойынша өз көзқарастарын дәлелдеді, флипчарт қорғады, сұрақтарға жауап берді. Музыка пәнінің мұғалімі Азарбакатова Г.К. балалармен жүргізілген жұмыс бойынша бейнеролик көрсетті.