"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының № 4 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі. Әр бір қызметке мемлекеттік қызмет көрсету Ережесі бекітілген, онда қызмет көрсету тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылған. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
2021 жылы Атбасар қаласының № 4 жалпы білім беру мектебі барлығы 69 қызмет көрсетті, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 3, ЭҮП (Электрондық үкімет порталы) арқылы – 29, электрондық нұсқада - 22, қағаз нұсқада – 15.
2020 жылы барлығы 62 қызмет көрсетілді, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 6, ЭҮП (Электрондық үкімет порталы) арқылы – 50, электрондық нұсқада - 5, қағаз нұсқада – 9.
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- Бастауыш, негізгі, орта, жалпы білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.
Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.