Текст
16.09.2026
7 қыркүйек күні «№4 жалпы білім беретін мектеп»КММ-де 3-сыныпта «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар мемлекеттік тілдің маңызы, оның Қазақстан Республикасының әрбір азаматының өміріндегі рөлі туралы әңгімелесті. 🇰🇿
Оқушылар қызықты тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беріп, қазақ тілін меңгеру деңгейлерін көрсетті.
Іс-шара оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыруға, сондай-ақ еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дәріптеуге ықпал етті.