Текст
2026 жылғы 29 қаңтарда «№ 4 ЖББМ»КММ-де педагог-психолог Садуокасова А.А. педагогтерге арналған «Біз әртүрліміз — бұл біздің күшіміз» тақырыбында тренинг элементтері бар сабақ өткізді.
Іс-шара педагогтердің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге психологиялық дайындығын арттыруға, эмпатияны, толеранттылықты және білім алушылардың жеке ерекшеліктерін қабылдауды дамытуға бағытталды. Сабақ барысында мұғалімдер жаттығуларға қатысып, қауіпсіз әрі қолдаушы білім беру ортасын қалыптастырудың маңыздылығын талқылады.