Текст
2024 жылғы 19 қаңтарда № 4 жалпы орта білім беретін мектепте Атбасар ауданының аға әділет лейтенанты Садуакасов М.Ж.,әділет аға лейтенанты Балтабаева З.М. кәсіптік бағдар беру жұмыстарымен 10 сынып оқушыларын Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясына түсу ережелерімен таныстырды. Олар оқуды жалғастыруға болатын немесе қай салада жұмыс істеуге болатын оқу орны, Әділет саласындағы жұмыс шарттары туралы айтты. Қорытындылай келе оқушылар сұрақтар қойып оларға толық жауаптар алды.