«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Атбасар қаласының №4 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Атбасар қаласы, Макарин көшесі, 24, atbash-4@bk.ru, тел.: 8(716-43) 5-85-81, 2026 жылғы 25 тамыз 2 қыркүйек аралығында АӘжәнеТД мұғалімінің бос және немесе уақытша бос лауазымына конкурс өткізеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 25 тамыз - 2 қыркүйек аралығы. Құжаттар тізбесі: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде мынадай құжаттарды ұсынады:
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
Жеке басын куәландыратын құжат не сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;
кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке іс парағы нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіле отырып, бар болған жағдайда;
үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі, бар болған жағдайда;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген;
психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар науқастардың динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;
наркологиялық науқастардың динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;
сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының бар екендігін растайтын куәлік, бар болған жағдайда;
ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға үміткерлер үшін пән бойынша сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының бар екендігін растайтын куәлік, бар болған жағдайда, не CELTA сертификаты, PASS A; DELTA сертификаты, Pass және одан жоғары, немесе IELTS – 6,5 балл; немесе TOEFL iBT – 60-65 балл;
осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
жұмыс орнынан педагог лауазымы бойынша немесе оқу орнынан ұсыныс хат. Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.
Құжаттарды қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы 2026 жылғы 3 қыркүйекте өткізіледі.