"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА АТБАСАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сенімхат және қамқоршылыққа келісім

12.12.2022
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 67-бабына сәйкес баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды баланың ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері жүзеге асырады. "Неке ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР кодексінің 12-тармағының 1-бабына 1-тармағына сәйкес - баланың заңды өкілдері-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланың құқықтары мен мүдделеріне қамқорлық жасауды, білім беруді, тәрбиелеуді, қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, асырап алушы ата-ана (асырап алушылар), патронат тәрбиеші және оларды алмастыратын басқа да адамдар. Сенімхат қажет болған жағдайда уақытша болып табылады және оны сенімхат пайдалануы мүмкін егер: - баланы үнемі бақшаға, мектепке немесе үйірмелерге апарады; - уақытының көп бөлігін (демалысын) баламен өткізеді, сондықтан қажет болған жағдайда емханаға барған жағдайда медициналық емдеуге жатқызу және оның ішінде хирургиялық араласу қажеттілігі туралы шешім қабылдауға рұқсаты болуы тиіс ; - ата-аналардың білім беру мекемелерінде (жиналыстарда)өкілдігі кезінде; - балаға құжаттар беру және анықтамалар алу мүмкіндігі; - бір елді мекеннен екінші елді мекенге көшу кезінде сүйемелдеу. Кәмелетке толмағанға уақытша қамқоршылық белгілемей ата - аналардың құқықтары мен міндеттерін беру ата-ана құқықтарының функцияларына қайшы келеді, олар баланы тәрбиелеуге, оның мүдделерін білдіруге қатысты жеке мүліктік емес сипатта болады, оларды ата-аналар тікелей жүзеге асыруы керек, ал біреуге ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға уәкілеттік беру азаматтық заңнамада тікелей тыйым салуға байланысты орын алмайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, егер бала туыстарымен сенімхат бойынша тұрса, заңды өкілдердің нотариаттық келісімімен балаға қамқоршылықты ресімдеу үшін Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жүгіну қажет.


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 12.12.2022 16:26
Құрылған күні: 12.12.2022 16:36

Текст