Мектептің тарихы:
1956-1961 жж – жеті жылдық мектеп;
1961-1993 жж. – №4 орта мектеп;
1993-1997 жж. – «Шағын ауданның мектеп-мәдени орталығы» тәжірибелік алаңы;
1997-2006 – «Шағын ауданның мектеп-мәдени орталығы»;
2007-2012 жж. – аралас тілде оқытатын мектеп.
Мектептің әдістемелік тақырыбы:
«Тұлғалық-бағдарлы оқыту мен тәрбиелеу негізінде мектептің білім беру жүйесін жетілдіру»
Мектептің мақсаттары:
Оқушылардың оқу сапасын арттыру, білімнің жоғары деңгейіне жету;
Мектептің оқу-тәрбие жұмысы балаларды азаматтық пен патриотизмге баули отырып, педагогикалық және ынтымақтастық ұстанымдарына құрылуы керек;
Мұғалімдер екі тілді жетік меңгеріп, «Тілдер туралы» заң талаптарын ескере отырып, оқушылардың қазақ тілін саналы түрде оқытуын қадағалауы керек.