14 желтоқсанда «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында инклюзивті білім беру бойынша аудандық жұмыс жоспарына сәйкес «Атбасар ауданының білім беру ұйымдарының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудегі өзара байланысы» атты аудандық семинар «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы №8 психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті» КММ-мен бірлесіп өткізілді. Семинарға қатысушылар білім беру мекемелерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті, практикалық сабақтарды көрсетті.
"ОМ №4" КММ ИҚК педагог –психологтары Наймушин Д.Г. "Кейс-стади" форматында психологиялық тренинг көрсетті, Жангожина А.А. "Оқушылардың ИҚК-дегі ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік-педагогикалық процесті ұйымдастыру" тақырыбы бойынша баяндама жасады.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.