5-сынып оқушыларының ата-аналарына бейімделу бойынша мектеп психологының ұсыныстары
- Балаңызға пән мұғалімдері мен сынып жетекшісінің тегін, есімдерін, әкесінің аттарын есте сақтауға көмектесіңіз.
- Балаңызға өз жұмысын ұйымдастыруға үйретіңіз (күнделік жүргізу, үй тапсырмасын жоспарлау, жұмыс орнын дайындау, мектепке қажет нәрсенің бәрін жинау).
- Баланың негізгі мектепке көшу кезінде кездесетін қиындықтарын ескеріңіз, зерттеңіз және оны бірте-бірте дербестікке дағдыландырыңыз, балаға сабаққа дайындалу кезінде қажетті көмектен бас тартпаңыз.
- Ешқашан балаңызбен мұғалімдерді талқыламаңыз, баланың мектепке және мұғалімдерге деген оң көзқарасын қалыптастырыңыз.
- Балаңызға сеніңіз, өзіңіздің амбицияларыңыз бен тілектеріңізге емес, оның нақты мүмкіндіктеріне сеніңіз, үйде эмоционалды жайлылық орнатыңыз.
- Баланың жасына қарай оңтайлы күн тәртібін сақтауын қадағалаңыз.
- Баланың бос уақытында жақсы демалуы үшін қажетті жағдай жасау (бассейнге, спорт алаңдарына бару, таза ауада серуендеу және т.б.).