Текст
27 наурыз күні «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ -де 1–4 сынып оқушыларына арналған викторина өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, дүниетанымын кеңейту және сабақта алған білімдерін бекіту.
Викторина барысында оқушылар ертегілер мен балалар шығармалары бойынша сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешті, зейін мен тапқырлыққа арналған қызықты тапсырмаларды орындады. Оқушылар белсенді қатысып, жақсы білімдерін көрсетіп, оқуға деген қызығушылықтарын танытты.
Іс-шара көңілді, танымдық және жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар жағымды эмоциялар алып, көтеріңкі көңіл күйде болды.