Өзіңді жең!
2021 жылы 20 қаңтар күні №4ОМ химия,биология пәндердің апталығы шеңберінде биология мұғалімі Сатемирова Б.К. 8 сынып оқушылар үшін «Ақыл шайқасы» интеллектуалдық ойынын өткізді. Іс-шараның мақсаты: танымдық қызығушылықты дамыту, оқудың жағымды мотивациясын, алған білімдерін бекіту. Ойын теңіз шайқасы түрінде өтті. Оқушыларға пән бойынша білімді ғана емес, сонымен қатар ой-өрісін дамыту, логикалық және ерекше ойлауды қажет ететін тапсырмаларды орындау қызықты әрі ерекше болды. Екі команданың қатысушылары химия және биология пәндер бойынша жақсы нәтиже көрсетті. Екінші команда жеңіске жетті-олар Кунанбаев Д., Ярошенко С., Мамзолов В., Остапенко В., Каверзин С., Кваст Р. Бірінші команда осал болған жоқ, бірақ командада мейірімді және үйлесімді жұмыс істеу керек болды. Мұны қарсылас команда дәлелдеді. Бүгін екінші команда жеңді, бірақ бұл тек қана бүгін, ал ертең бәрі басқаша болуы мүмкін екенін ұмытпауыңыз керек. Барлығы өзіңізге байланысты. Өйткені , ең үлкен жеңіс-өзін жеңу.
Алимжанова Г.М.-аудармашы