"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА АТБАСАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АШКЕНОВА АЙЫМ ҚАЙРАТҚЫЗЫ ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

03.02.2021

АШКЕНОВА АЙЫМ ҚАЙРАТҚЫЗЫ

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

 

2003-2020 жылдар аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қазақ филология кафедрасының оқытушысы.    

2011-2013 жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университетінің инновациялық даму және оқу үдерісінің стратегиялық жоспарлау бөлімінің аға қызметкері.

2015-2017жылдар аралығында филология және педагогика факультетінің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары.

2020-2021 жылдар аралығында «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқу ісі бойынша директор орынбасары.

 

Білімі

Бірінші жоғарғы білімі

Біліктілігі

Мерзімі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

6N0205-Филология Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі

1998-2003

 

Академиялық дәрежесі

Академиялық дәреже атауы

Ғылым саласы

Мерзімі

     Гуманитарлық ғылым магистрі

 

2008-2010

 

Марапаттары

Алғыс хат факультет өміріне белсене араласқаны үшін берілді. Наурыз, 2010 ж.
Алғыс хат факультетінің қоғамдық, оқу-білім өміріне белсене қатысқаны үшін берілді. Көкшетау, 2011 ж.
Алғыс хат Ш.Уәлиханов атындағы КМУ 50 жылдық мерей тойына орай, университетке жасаған адал қызметі үшін берілді. Көкшетау, 12 қазан, 2012 ж.
Алғыс хат Ақмола облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы мемлекеттік мекемесі және «Еуразия-Даналық» гуманитарлық зерттеу жекеменшік қорының ұйымдастыруымен жастар арасындағы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қаламыздағы белсенді жастардың ойын бір арнаға тоғыстыру, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Туған тілім – тұғырым» атты дебат-турниріне белсенді қатысқаны үшін берілді. «Еуразия-Даналық» гуманитарлық зерттеу қорының төрағасы, «Жастар арасында мемлекеттік тілді дәріптеу жөніндегі іс-шараларды өткізу» облыстық жобаның жетекшісі С.Ж.Досанова. Көкшетау, 2013 ж.
2020 жылдың 21 желтоқсандағы №01-04/230 Атбасар ауданының білім бөлімі «Мектеп жанындағы интернатымен №8 орта мектеп» КММ бұйрығымен педагог-модератор біліктілік санаты берілді.
Сертификат. Білім беру бағдарламаларын жаңарту кезіндегі жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі.

Педагогикалық қызметі

Еңбек өтілі: 17 жыл

Оқытатын пәндері

Бакалавриат

Қазақ тілі және әдебиет

Мемлекеттік тілде іс жүргізу

Іскери қазақ тілі

Кәсіби қазақ тілі

Кәсіби бағытталған шет тілі

 Ғылыми мақалалар:

Тілдегі валенттілік мәселесіне // Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. – Көкшетау, 2008. – № 3-4. – 9-12 бб.
Сын есімдердің семантикалық валенттілігі (физикалық күйді білдіретін сын есімдер) // «Шоқан тағылымы - 2014» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Көкшетау, 2009. – 21-25 бб.
Физикалық күйді білдіретін сын есімдердің етістік сөздермен тіркескендегі семантикалық валенттілігі // Е.Букетов атындағы ҚарМУ хабаршысы. Филология сериясы. – Қарағанды, 2010. –  № 2.
Іскери қазақ тілін  дәстүрлі немесе инновациялық технологиялармен оқыту. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция, 10 маусым 2011ж. 
Қазіргі білім берудегі дәстүрлі және инновациялық технологиялар. Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.М.Әбдікәрімнің 70 жасқа толуына орай өткізілген «Ана тілі аясы: тіл мен әдебиет теориясы және лингводидактика» атты республикалық ғылыми-теориялық және әдістемелік конференция. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, 2012ж.
Студенттердің өздік жұмыстарында іскерлік дағдыны қалыптастыру. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. Филология сериясы, Көкшетау, №1-2, 2012ж.
Қазіргі білім берудегі дәстүрлі және инновациялық технологиялар жүйесінде электрондық оқыту мәселелері. «Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың өзектілігі» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы білім беру мекемелері мен мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында қазақ тілін оқыту үдерісінің сапасын арттыру және ұтымды әдістерді анықтау мәселелеріне арналған аймақтық әдістемелік семинар материалдары. «Еуразия-даналық» гуманитарлық зерттеу жекеменшік қоры, Көкшетау, 27 маусым, 2012ж.
Тіркесімділік пен валенттілік термині жайында. Ғалым, ұстаз Жағыпар Мұсаұлына арналған дәстүрлі «Ж.Мұсаұлы: қазақ филологиясының мәселелері» атты ІІ Республикалық ғылыми-практикалық конференция. Көкшетау, 28 қараша, 2014ж.
Өзге  тілді аудитория студенттерінің жазбаша сөйлеу тілін дамыту жолдары. Г.Ж.Искаковамен бірлесе, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ 2015ж 16-17  сәуір айында өткен филология ғылымдарының докторы, профессор О.А.Султаньявты еске алуға арналған «Сөйлеу мен тілдегі сөз: филология ғылымындағы қолданбалы зерттеулер» атты V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Көкшетау, 2015ж. 
Тілдерді оқыту кезінде денсаулық сқтайтын технологиялар. Д.Б.Кайкеновпен бірлесе, Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университет. Мәскеу, 2015ж.
Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияны пайдалану. Д.Б. Кайкеновпен бірлесе, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де 2015 жылдың сәуір айында өткен «Шоқан оқулары-19» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Көкшетау, сәуір 2015ж.
Салыстырмалы аспектідегі ағылшын және қазақ тілдеріндегі идиомалардың аударылу ерекшеліктері. Кеңес одағының батыры, мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақ ССР-інің ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, жазушы, филология ғылымдарының докторы Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдық мерейтойына орай өткізілетін «Мәлік Ғабдуллин феноменін зерттеу және зерделеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Көкшетау, 25 қараша, 2015ж.
Foreign language teaching via ITC. ІV Халықаралық педагогикалық форум. «Сабақты өткізу: оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдері» НОУ ДПО «Сарапшы-әдістемелік орталық» Ресей, Чебоксары, 18 ақпан, 2016ж.

 

Студенттердің ғылыми баяндамалары.

Ағылшын тіліндегі идиомалардың қазақ тіліне аударылу ерекшелігі. Б.Ташмағанбетова. Ғылыми жетекші: г.ғ.м. А.Қ.Ашкенова. Студенттердің VІ-ғылыми апталығы аясында студенттердің ғылыми-практикалық конференция. Көкшетау, 2014ж. (I дәрежелі диплом)
«Абай жолы» романындағы фразалық тіркестерінің ағылшын тіліне аударылуы. М.М.Сатбергенова. Ғылыми жетекші: г.ғ.м. А.Қ.Ашкенова. Студенттердің VІІ- ғылыми апталығы аясында студенттердің ғылыми-практикалық конференция. Көкшетау, 2015ж. (I дәрежелі диплом)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 580


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст