Текст
Ауданымызда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ,"Жұлдызай" шығармашылық фестивалі басталды. Бұл фестивальді қатысушылар асыға күтуде. Себебі бұл фестиваль балалардың талантын ашуға , шығармашылық жағынан көрсетуге тиімді. "Жұлдызай" фестивалінің басты мақсаты талантты балаларды дамытып, оны шығармашылық тұлға ретінде таныту. Видеода көрсетілгендей Атбасар қаласының 4 ЖОМ оқушысы Остер Алина небәрі 12 жаста. Осы жасына қарамастан ол өте ақылды, мейірімді және көңілді қыз. Алина мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласады. Ал фестивальға бірінші рет қатысуда. Алинаға-мұғалімдері, сыныптастары, достары және туған-туыстары оның шығармашылық жолына табыс және сәттілік тілейді!