06.12.2024
"№4 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2-сыныпта "Біздің сынып"тақырыбында әлемді тану бойынша сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды сынып ұжымы ұғымымен таныстыру.
Өз сыныбын сипаттауға үйрету.
Балалар топтарда,жұптарда, ұжымда белсенді жұмыс істеді. Олар суреттер бойынша жағдайлар туралы ойлады, сөзжұмбақ шешті, партадағы көршісінен сұхбат алды.
Сабақ соңында оқушылар сабақтағы өз қызметін "сәттілік ағашы" рефлексивті қабылдау арқылы бағалады.