Текст
17 маусымда мектептің «Чемпиондар» мектеп алды алаңында өткен күн оқиғаға толы әрі қызықты өтті. Күн көңілді дене шынықтырумен басталды. Балалар «Олимп» бассейніне барды. Бассейнге барар алдында балаларға жолда, көлікте, суда, бассейнде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы нұсқау берілді.Аптап ыстықтан кейін салқын су балалардың көңілін сергітті. Олар жүзіп, сүңгіп, күштерін көрсетті, көңіл көтерді.