Текст
17.11.2025
✍️✨ 13 қараша күні 5–7 сынып оқушылары арасында «Ана тілім – асылым» тақырыбында көркем жазу сайысы өткізілді. 🇰🇿
Шараның мақсаты — оқушылардың көркем әрі сауатты жазу дағдыларын дамыту, жазу мәдениетін қалыптастыру және ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру болды.
Қатысушылар берілген мәтінді ұқыпты, таза және әдемі жазуға тырысып, өз еңбектері мен шеберліктерін көрсетті. ✨
Балалардың ынтасы, тиянақтылығы мен жазуға деген қызығушылығы ерекше байқалды.
Сайыс жас ұрпақтың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіруге, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін нығайтуға бағытталды