01.12.2025
2025 жылғы 26 қарашада ZOOM қосымшасы арқылы онлайн форматында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа әкімшілік, педагогтар, 0, 1–9 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.
Жиналыстың модераторы – мектеп директоры Ақанова Р.А.
Жиынның күн тәртібіне сәйкес Атбасар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Дюселекова Б.Х.«Тұмау мен ЖРВИ-дің иммунопрофилактикасы» тақырыбында баяндама жасады. Ата-аналар маусымдық аурулар кезеңіндегі профилактика шаралары, балалардың иммунитетін нығайту жолдары туралы ақпарат алды.
Оқу ісінің меңгерушісі Құрманғожина К.А.І-тоқсанның қорытындылары туралы хабарлап, сыныптар бойынша үлгерімге талдау жасады, үй тапсырмаларын орындауға ерекше назар аударуды ұсынды.
Әлеуметтік педагог Суворкина А.Б. оқушылардың сабаққа келу көрсеткіші туралы мәлімет беріп, ЖРВИ-мен сырқаттанушылыққа байланысты мониторингті талдады.
Ата-аналар қауымдастығының төрайымы Садвакасова Б.М.балалардың дені сау әрі белсенді болуы үшін күн тәртібін сақтау, дұрыс тамақтану және баланың көңіл-күйі мен денсаулығына назар аудару қажеттігін атап өтті.
Мектеп директоры Ақанова Р.А. аудандық байқаулар мен жарыстарға қатысу қорытындыларын шығарып, білім сапасын қамтамасыз етудегі бірлескен жұмыстар үшін алғысын білдірді.
Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналардың тарапынан жүйелік бақылаудың негізгі бағыттары айқындалды.