Текст
01.12.2025
1 желтоқсан күні «№4 орта мектебі»КММ-де «Прокурорлық сағат» акциясы аясында 3-сынып оқушыларына «Шұғыл қызметке қалай қоңырау шалу керек?» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақ барысында балалар шұғыл қызметтердің негізгі нөмірлерін қайталап шықты: 112, 101, 102, 103, сондай-ақ қандай жағдайларда көмекке жүгіну қажет екенін талқылады. Оқушылар диспетчерге қандай ақпарат беру керектігін еске түсірді: не болғанын, нақты мекенжайды, зардап шеккендердің бар-жоғын. Балалар операторға қысқа әрі нақты хабарлама құрастыруды үйренді, сондай-ақ қате және жалған қоңыраулардың мысалдарын қарастырды. Әңгіме оқушылардың білімдерін бекітуге және қауіпсіздік ережелеріне жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға көмектесті.