26.12.2025
Аспазшының көмекшісі – шағын-орталықтағы маңызды қызметкер, оның еңбегі балалардың денсаулығы мен жақсы көңіл күйіне тікелей әсер етеді. Ол санитарлық талаптарды сақтап, жұмыс орнын таза ұстау арқылы сапалы әрі теңгерімді тамақтануды ұйымдастыруға елеулі үлес қосады.
«№4 орта мектеп»КММ-і жанындағы шағын -орталықта Текенева Шолпан аспазшының көмекшісі болып жауапкершілікпен және үлкен ықыласпен еңбек етеді. Ол өз міндеттерін адал атқарып, тағам дайындауда аспазға көмектеседі және асханада тәртіп пен тазалықты қадағалайды.
Шолпан ұқыптылығымен, еңбекқорлығымен және мұқияттылығымен ерекшеленеді. Ол кез келген жұмысты жауапкершілікпен орындап, әрдайым әріптестеріне көмектесуге дайын, шағын -орталықта жайлы әрі қауіпсіз ортаны қалыптастыруға өз үлесін қосады.