Текст
29.12.2025
Жаңа жыл — көптен күтілетін мереке. Мерекелік көңіл күйге қарамастан, қауіпсіздік туралы ұмытпау маңызды. Жаңа жыл қарсаңында шыршалар безендіріліп, сыйлықтар дайындалып жатқан кезде, пиротехника мерекенің ажырамас бөлігіне айналады.
26 желтоқсанда «№4 жалпы білім беретін мектеп»КММ-нің оқушылары Ақмола облысы ТЖД өкілдері ZOOM режимінде өткізген профилактикалық әңгімеге қатысты. Әңгіме барысында оқушылар бенгаль оттары, шамдар және жарық гирляндаларын қолдануға байланысты туындайтын қауіп-қатерлер туралы мағлұмат алды.
Оқушыларға өрт кезінде әрекет ету тәртібі, сондай-ақ «101», «112» жедел қызмет нөмірлері еске салынды. Сонымен қатар жаңа жылдық шыршаны жылыту құрылғыларына жақын қоюға тыйым салынатынына ерекше назар аударылды.