"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА АТБАСАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жаңа Жыл"

29.12.2025

Жаңа жыл – балалар асыға күтетін ең сүйікті, ең мейірімді, ертегідей сиқырлы мереке. Жаңа жыл қарсаңында, 2025 жылғы 25 желтоқсанда, мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлау мақсатында «Жаңа жылдық орман» атты тамаша іс-шара өткізілді. Түрлі-түсті, жарқыраған гирляндалар мен әсем безендірілген шырша балаларға сиқыр мен ғажайып сезімін сыйлады.

Мерекеге Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қуатбеков Қ.О., «Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Наймушина Н.Г., ата-аналар қауымдастығының төрайымы Садвакасова Б.М., «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті №8» КММ меңгерушісі Наймушина С.Г. қатысып, ата-аналар мен оқушыларды құттықтап, зор денсаулық пен жүрек қалауларының орындалуын тіледі.

Әндер, билер, ойындар мен жұмбақтар балалардың жүзінде күлкі, көңіл көтеру, көздерінде қуаныштың жарқылын оятып, ұмытылмас әсер мен жағымды эмоциялар сыйлады.

Просмотров: 24


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст