Текст
06.01.2026
Қысқы каникул кезеңінде «№ 4 орта мектеп»КММ 2-сынып оқушылары үшін балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға және жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін бекітуге бағытталған «ЖҚЕ-де каникул болмайды» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар жолда қауіпсіз жүріп-тұрудың негізгі ережелерін қайталап, викторинаға қатысты, жұмбақтар шешті, жол белгілері мен бағдаршам сигналдарын білуге арналған тапсырмаларды орындады. Жол қозғалысы ережелерін тек оқу уақытында ғана емес, демалыс кезінде де сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара танымдық әрі достық атмосферада өтіп, оқушылардың жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етті.