19.01.2026
22 желтоқсанда «№4 орта мектеп»КММ -де 5-сынып оқушыларына арналған «Прокурорлық сағат» аясында «Қақтығыс жағдайларындағы қарапайым қадамдар» (қауіпсіздік сабағы) тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларда қақтығыс жағдайларында қауіпсіз және сындарлы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, эмоцияларын бақылау және дауларды бейбіт жолмен шешу қабілетін дамыту.
Сынып сағаты барысында оқушылар қақтығыс деген не екенін, оның мектеп ортасында туындау себептерін, сондай-ақ ойланбай жасалған әрекеттердің қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін талқылады. Қақтығыс жағдайларынан шығудың қарапайым әрі қолжетімді қадамдарына ерекше назар аударылды: тоқтай білу, әңгімелесушіні тыңдау, өз ойын сабырмен жеткізу, ересектерден көмек сұрау.
Сабақ өмірлік жағдайларды талқылау элементтері бар әңгіме түрінде, оқу бейнематериалын қарау арқылы өтті. Оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, жеке тәжірибелерінен мысалдар келтірді және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу нұсқаларын ұсынды.
Сынып сағатының қорытындысы бойынша оқушылар қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау, өзара құрмет және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы тұжырым жасады.