Текст
19.01.2026
15 қаңтар күні тарих онкүндігі аясында «№4 ЖББМ»КММ-де қызықты ойындар күні және тарихи кроссвордтарды шешу бойынша байқау өтті.
Іс-шара оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыруға және олардың таным көкжиегін кеңейтуге бағытталды.
Күн бойы оқушылар түрлі ойын тапсырмаларына, викториналар мен зияткерлік сайыстарға қатысып, тарихи оқиғалар, даталар мен көрнекті тұлғалар туралы білімдерін көрсетті. Әсіресе тарихи кроссвордтарды шешу байқауы оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, олар өздерінің эрудициясы мен тапқырлығын танытты.
Барлық қатысушылар белсенділік танытып, іс-шара достық әрі танымдық атмосферада өтті. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.