"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА АТБАСАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне онлайн-экскурсия.

19.01.2026

«№4 ЖББМ»КММ -де тарих декадасы аясында оқушылар үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне онлайн-экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара танымдық әрі қызықты форматта өтіп, оқушылардың еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Экскурсия барысында оқушылар музейдің негізгі экспозицияларымен танысып, Қазақстанның көне тарихы, көшпелі халықтардың өмірі, маңызды тарихи оқиғалар мен мәдени мұрасы туралы мәлімет алды. Әсіресе, бірегей археологиялық олжалар, ұлттық киімдер мен тұрмыстық бұйымдар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Экскурсияның онлайн форматы оқушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік берді. Іс-шара тарихты оқуға деген қызығушылықты арттырып, патриоттық сезімдерді қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының мәдени мұрасына деген құрметті нығайтуға ықпал етті.

Просмотров: 13


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст