Текст
19.01.2026
12 қаңтар күні «№4 орта мектебі»КММ тарих пәні онкүндігінің ашылуы өтті. Оқушылар онкүндік аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарымен танысты. Сондай-ақ тарих ғылымына арналған қойылымды тамашалады. Оқушылармен танымдық викторина ұйымдастырылды. Тарих онкүндігі өз бастауын алды, ал алда оқушыларды қызықты әрі мазмұнды іс-шаралар күтіп тұр.