Текст
21.01.2026
Тарих декадасы аясында 20 қаңтар күні «№4 жалпы білім беру мектебі»КММ-де «Мен тарихты саламын», «Суреттердегі тарих» атты сурет байқауы өтті. Байқау өткеннің маңызды оқиғалары мен тарихи тұлғаларына арналды.
Оқушылар әртүрлі тарихи дәуірлерді, батырлардың ерліктерін және еліміздің мәдени мұрасын бейнелейтін жұмыстар орындады.
Байқау оқушылардың тарихты оқуға деген қызығушылығын арттыруға, шығармашылық ойлауын және көркемдік қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
Үздік жұмыстар мақтау қағаздарымен марапатталып, мектеп көрмесінде ұсынылатын болады.