Текст
21.01.2026
Тарих пәні онкүндігі жалғасуда. 21 қаңтар күні «№4 орта мектеп»КММ-де 6-сыныпта дүниежүзі тарихы пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар топтық және жеке жұмыстарға белсенді қатысты. Оқушылар тапсырмаларды орындап, тарихи дереккөздермен жұмыс жасады, сұрақтарды талқылап, өз жұмыстарын кластер түрінде қорғады. Сабақ жұмысқа бағытталған әрі танымдық атмосферада өтті, оқушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, бірлесе жұмыс істеу және өз бетінше ойлау қабілеттерін көрсетті.