Текст
27.01.2026
27 қаңтар күні «№4 ЖББМ»КММ-де ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты оқу сабақтары қашықтан оқыту форматында өткізілді.
5, 8 және 9-сыныптарда тарих пәні бойынша сабақтар цифрлық білім беру платформалары мен электрондық ресурстарды пайдалану арқылы ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушылар презентациялармен, бейнематериалдармен және онлайн форматтағы тапсырмалармен жұмыс жасады, жеке және тестік жұмыстарды орындады.
Оқушылар белсенділік танытып, сабақтың регламентін сақтады және тапсырмаларды уақытында орындады. Сабақта қойылған мақсаттар мен міндеттер толық орындалды, оқу материалы толық көлемде меңгерілді.