Текст
27.01.2026
26 қаңтар күні «№4 ЖББМ»КММ-де «Прокурорлық сағат» акциясы аясында 3-сынып оқушылары үшін «Интернет желісіндегі қауіпті ойындар» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылармен Интернет желісінде кездесуі мүмкін қауіптер мен қатерлер туралы түсіндіру әңгімесі жүргізілді. Интернеттегі қауіпсіздік мәселелеріне, жеке ақпаратты таратудың жауапкершілігіне, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін онлайн ойындар мен қауымдастықтарға қатысудың қауіптілігіне ерекше назар аударылды.