Текст
02.02.2026
2026 жылғы 2 ақпанда «№4 ЖББМ»КММ-де 1-сыныпта «Мектеп формасы» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар мектеп формасына қойылатын талаптармен және оны кию ережелерімен танысты. Мектеп формасының оқушы өміріндегі маңызы, оның тәртіпті, жауапкершілікті және мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі талқыланды.
Балалар әңгімеге белсене қатысып, өз ойларын білдірді, сұрақтарға жауап беріп, жеке байқағандарын ортаға салды. Сынып сағаты оқушылардың ұқыпты сыртқы келбет пен мектеп ережелерін сақтау туралы түсініктерін қалыптастыруға ықпал етті.