Текст
02.02.2026
Инклюзивті білім беру: Облыстық үйлестіру кеңесінің отырысы
Ин беру клюзивті білім беруді дамыту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселелеріне арналған Облыстық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Кездесу барысында қатысушылар қолжетімді және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және балалар мен олардың отбасыларын сүйемелдеу шараларын талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша әрбір баланың білім алуы мен дамуына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмыстың басым бағыттары айқындалды.