Текст
11.02.2026
Өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 6 ақпанда «№4 жалпы білім беретін мектеп»КММ-нің 4–7 сынып оқушылары «Абай болыңыз, су тасқыны!» тақырыбындағы профилактикалық әңгімеге қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар мұздың еру кезеңінде су айдындарының маңында өзін дұрыс ұстау ережелері жөніндегі білімдерін жүйеледі. Балалардың өз бетінше өзендерге жақындауына қатаң түрде жол берілмейтініне ерекше назар аударылды.