"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА АТБАСАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Закладчик» фильмін көру

20.02.2026

«№4 ЖББМ»КММ-де жасөспірімдер арасында есірткінің таралу мәселесіне арналған «Закладчики. Расплата» атты әлеуметтік фильмнің көрсетілімі өтті.

Картинада жеңіл жолмен ақша табуға ұмтылудың ауыр салдарға әкелуі мүмкін екені туралы өзекті әрі күрделі мәселе қозғалады. Фильмде «закладчик» болуға келісім берген жасөспірімдердің тағдыры баяндалады. Бастапқыда олар бұл әрекеттің қаншалықты қауіпті екенін терең түсінбейді. Алайда көп ұзамай кейіпкерлер шынайы өмірдің қатал шындығымен бетпе-бет келеді: қорқыныш, қысым, өміріне төнген қауіп және заң алдындағы сөзсіз жауапкершілік.

Сонымен қатар ата-аналардың күйзелісі, балалары үшін алаңдаушылығы, өкініші мен болашағына деген уайымы ерекше көрсетіледі. «Закладчики. Расплата» фильмі заңсыз әрекеттің жазасыз қалмайтынын айқын көрсетеді. Жеңіл көрінген жолдың артында талай сынған тағдыр, орындалмаған арман және жақын жандардың сенімінен айырылу жатқанын көрсетеді.

Фильм көрерменді өз таңдауы туралы ойлануға, уақытында «жоқ» деп айта білуге шақырады. Көрсетілімнен кейін оқушылармен талқылау ұйымдастырылып, олардың өмірдегі ең қымбат құндылықтар — өмір, денсаулық, отбасы және адал жолмен болашақ құру мүмкіндігі екені жөнінде ортақ пікірге келгені атап өтілді.

Осындай мазмұндағы фильмдер жасөспірімдердің өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етіп, әр қадамның салдары болатынын еске салады.

Просмотров: 10


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст