Текст
27.02.2026
2026 жылғы 27 ақпанда Атбасар қаласы «№4 ЖББМ»КММ-нің 2-сынып оқушылары «Мен не үшін алғыс айтамын?» атты фото-акцияға қатысты.
Балалар өз өмірінде не үшін алғыс білдіретіндерін қуана бөлісті: ата-анасының махаббаты мен қамқорлығы үшін, отбасының қолдауы үшін, достық үшін, ұстаздарының назары үшін, туған мектебі үшін, бейбіт аспан мен білім алып, армандауға мүмкіндік бар екені үшін ризашылықтарын білдірді.
Әр қатысушы жылылыққа, мейірім мен құрметке толы шынайы сөздерін дайындады. Бұл фото-акция баршамызға қарапайым, бірақ өте маңызды «Рақмет» сөзінің қадірін еске салды. Өйткені алғыс айту – әлемді жарық, мейірімді әрі жылы ете түседі.