"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА АТБАСАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жұлдызай"

01.03.2026

Мектеп өмірінде бәрімізге қуаныш пен мақтаныш сыйлайтын сәттер болады. Осындай ерекше оқиғалардың бірі – біздің оқушымыздың аудандық «Жұлдызай» байқауында жеңіске жетуі.

8-сынып оқушысы Роман Винкинштерн «Хореография» номинациясы бойынша «Қозғалыс құпиясы» биімен I орын иеленді. Оның өнер көрсетуі жарқын, әсерлі әрі өте мәнерлі болды. Әрбір қимылынан энергия, талпыныс және биге деген шынайы сүйіспеншілік сезілді.

Романға үлкен қолдау көрсеткен сыныптастары — Дарья Симонова, Наталья Пархомец, Виктория Коцюбинская және Ангелина Минченкова. Қыздар дайындық барысында қолдау білдіріп, осы маңызды жетістіктің қуанышын бірге бөлісті.

Музыкалық жетекші Гульжазира Қуанышбекқызы Азарбакатованың жетекшілігімен дайындалған би нөмірі жоғары деңгейде орындалды.

Біз талантты оқушыларымызды мақтан тұтамыз! Бұл жеңіс — еңбектің, қолдаудың және шынайы командалық жұмыстың нәтижесі. Оқушыларымызға жаңа жетістіктер, шабыт және жарқын жеңістер тілейміз! ✨

Просмотров: 6


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст