Текст
10.03.2026
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында кәсіподақ комитеті мен ер мұғалімдер «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің әйелдер қауымын көктемнің, сұлулық пен махаббаттың мерекесімен құттықтады. Әйелдерге арнап алғыс сөздер айтылып, өмірімізді қамқорлыққа, назарға және мейірімге толтырып жүрген барша жанға ризашылық білдірілді. Әсем әуен, жүрекке жылы тиетін тілектер мен көтеріңкі көңіл күй бұл күнді ұзақ уақытқа дейін есте қалдырады.