"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА АТБАСАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Орыс тілі пәнінен ашық сабақ

10.03.2026

Орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 2026 жылғы 3 наурызда «№4 жалпы білім беретін мектеп»КММ-нің 8-сыныбында «Су – тіршілік көзі. Бір құрамды сөйлемдер. Анық жақты сөйлемдер» тақырыбында орыс тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты: анық жақты сөйлемдерді мағынасы мен құрылымдық ерекшеліктеріне қарай таба білу дағдыларын қалыптастыру, бір құрамды сөйлемдерді әртүрлі стильдерде қолдану білігін дамыту.

Сабақ барысында графикалық диктант жүргізіліп, «Фразеологизмді жалғастыр» ойыны ұйымдастырылды. Оқушылар топтық жұмыс жасап, «Суды сақтау: жеке таңдау ма, әлде қоғамның міндеті ме?» тақырыбында кеңейтілген, дәлелді монологтар құрастырды.

Сондай-ақ оқушылар «Блум кубигі» кестесін толтыру кезінде жасанды интеллект ассистентімен жұмыс істеуге ерекше қызығушылық танытты. 8 сынып оқушылары орыс лингвисті А.А. Шахматовпен танысып, оның алғаш рет тіл білімінде анық жақты сөйлемдерді бөліп көрсеткен ғалым екенін білді.

Просмотров: 4


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст