Текст
19.03.2026
17наурыз күні №1ЖОББМ-де 8-11сынып оқушылары арасында аудандық Абай оқулары байқауы өтті. Шығармашылық сайысқа 21оқушы қатысты. Байқау дың мақсаты: ұлы қазақ ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының бай шығармашылық мұрасын насихаттау, оқушылардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және көркем оқу мәдениетін жетілдіру. №4 жалпы орта мектебінің абыройын қорғаған 8сынып оқушысы Стрельцов Максим. Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқып, философиялық ойларын терең түсінетінін, көркем сөзге деген құрметін көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша Максим 2 орынға иеленіп, Грамотамен және сыйлықпен марапатталды. Жарайсың, Максим! Құттықтаймыз!