Текст
27.03.2026
27 наурыз 2026 жылы әдістемелік бірлестік отырысы аясында балаларды қолдау кабинетінің мұғалім-дефектологы Искакова Дана Абаевна «Дамуында бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балалармен түзету-дамыту жұмысының заманауи тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады.
Өз сөзінде баяндамашы Е.А. Екжанова, Е.А. Стребелеваның «Интеллектуалдық бұзылыстары бар мектепке дейінгі балаларды түзете-дамыта оқыту және тәрбиелеу» атты әдістемелік ұсынымдарына сүйенді. Бұл еңбекте түзету-педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары ретінде денсаулық, әлеуметтік даму, танымдық іс-әрекет, іс-әрекетті қалыптастыру және эстетикалық даму қарастырылған.