Текст
27.03.2026
«№4 ЖОББМ»КММ-де 2-сыныпта жол қозғалысы ережелері бойынша виртуалды экскурсия өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жолда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Экскурсия барысында оқушылар жол белгілерімен, бағдаршам сигналдарымен және жолдан өту ережелерімен танысты. Іс-шара оқытуға арналған суреттерді көрсету және жолдағы түрлі жағдайларды талқылаумен қатар жүргізілді.
Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, жол қозғалысы ережелері бойынша жақсы білімдерін көрсетті.