Текст
27.03.2026
Көктемгі демалыс кезеңінде «№4 ЖОББМ»КММ-нің 3-сыныбында «Жол ережелерінде демалыс болмайды» тақырыбында жол қозғалысы ережелері бойынша сурет байқауы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру, жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін бекіту және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылар өз жұмыстарында жыл мезгіліне қарамастан, соның ішінде демалыс кезінде де жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын көрсете отырып, жарқын, қызықты және мазмұнды суреттер ұсынды.