"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА АТБАСАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құттықтаймыз.

31.03.2026

2026 жылғы 10–11 наурыз аралығында Алматы қаласында, «Абай атындағы ұлттық мектеп» базасында «Дарынды балаға — талантты ұстаз» атты республикалық олимпиада өтті.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің РНПЦ «Дарын» ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін бұл байқау еңбек өтілі бес жылға дейінгі жас мамандар үшін нағыз зияткерлік додаға айналды. Бұл — жуырда ғана мектеп партасында отырған, ал бүгінде білім беру саласында жаңа бағыттарды қалыптастырып жүрген педагогтер.

Аталған олимпиадаға «№4 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің психологы Айнагүл Абаевна Садуокасова қатысты.

Облыстық кезеңде өңір намысын қорғау үшін Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары мен аудан мектептерінен 38 үздік педагог бақ сынады. Қатысушылар өздерінің кәсіби білім деңгейін көрсетіп қана қоймай, «Цифрлық технологиялар дәуіріндегі адал азамат», «Болашақ мектебі» және «Эврика!» номинациялары бойынша педагогикалық ұстанымдарын қорғап, инновациялық жобаларын таныстырды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Айнагүл Абаевна Садуокасова жүлделі II орынды иеленді.

Бұл жетістік — заманауи педагогтың зерттеуші, жаңашыл әрі мықты тұлға екенін, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, білім беру саласының дамуына елеулі үлес қоса алатынын дәлелдейді.

Айнагүл Абаевнаны лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби өсу және жаңа жеңістер тілейміз!

Просмотров: 26


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст