Текст
31.03.2026
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында 9–11 сынып оқушылары арасында «Не книжная закладка» және «Хулиганка» қысқаметражды фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Сондай-ақ аталған профилактикалық фильмдер негізінде сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер және топтық талқылаулар өткізілді. Талқылау қорытындысы бойынша білім алушылар арасында сауалнама жүргізілді. Іс-шаралар барысында жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасау себептеріне, оның құқықтық және әлеуметтік салдарына, «Заң және тәртіп» қағидаларын сақтаудың маңыздылығына, сондай-ақ күмәнді ұсыныстардан бас тарту дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.