27.04.2026
Илияс Есенберлин мұрасына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция.
2026жылғы 22сәуір күні Көкшетау қаласы Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында Илияс Есенберлин мұрасына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті. Конференцияның басты мақсаты-оқушыларға жазушының өмір жолын таныстыру, оның еңбектері арқылы халқымыздың бай тарихын дәріптеу және әдебиетке деген қызығушылықты арттыру болды.
Атбасар қаласындағы музей меңгерушісі Комбатурова Ұлболсын Даниярқызы конференцияда толық ақын туралы қызықты деректермен таныстырды.Атбасар ауданының оқушылары да белсенді қатысты.
Стрельцов Максим -8 сынып №4ОМ оқушысы ,,Домбыра өлеңің жоғары орындаушылық шеберлікпен жатқа оқыды.
Нұрболат Мақпал-11сынып Бастау №2ОМ оқушысы ақындық өнерімен байқалды, өзі жазған ақын туралы өленің оқып берді.
Бурабай Нұрдаулет-11сынып №6ОМ оқушысы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық презентациясын тамашаладық.
Серикбаев Мади-8сынып №7 ОМ оқушысы өте қызықты ойын ұйымдастырды. Оқушылар ұлттық рухты паш еткені үшін Сертификатпен марапатталды.