Текст
27.04.2026
27 сәуір күні Атбасар қаласы №4 ЖОББМ-нің 5-сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аралық емтиханға дайындық жұмыстары жалғасуда. Дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізілді.
Сабақ барысында оқушылар мәтінмен жұмыс жасап, тест тапсырмаларын орындады, жазба жұмыстарын жазды. Сонымен қатар грамматика бөлімі бойынша сын есім тақырыбына арналған тапсырмалар орындалып, оқушылардың білімдері бекітілді.