Текст
29.04.2026
Жас мұғалімдер онкүндігі аясында «№4 ЖББМ»КММ-де 4-сыныпта математика пәнінен ашық сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы — «Үшбұрыштар». Сабақ «Уақыт лентасы» форматында ұйымдастырылып, оқу материалын жүйелі, қызықты әрі көрнекі түрде меңгеруге мүмкіндік берді.
Сабақ барысында оқушылар тікбұрышты үшбұрышты танып, атауды, сондай-ақ үшбұрыштарды түрлеріне қарай жіктеуді үйренді. Оқушылар белсенді жұмыс жасап, ойларын айтып, салыстырып, қорытынды шығарды, тақырыпқа деген жоғары қызығушылықтарын көрсетті.
Ашық сабақ тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік болып, заманауи тәсілдердің оқытуды қызықты әрі тиімді етуге көмектесетінін көрсетті.