Текст
29.04.2026
27 сәуір күні «№4 ЖББМ»КММ-де 1-сынып оқушыларына «1 мамыр – Бірлік, Ынтымақ, Бейбітшілік күні» тақырыбында сынып сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар мерекенің маңызымен танысып, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достықтың, татулық пен келісімнің маңыздылығы туралы білді. Оқушылар әңгімеге белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Сынып сағаты жылы әрі достық атмосферада өтіп, оқушылардың бойында құрмет пен патриоттық сезімді тәрбиелеуге ықпал етті.