Текст
06.05.2026
4 мамыр күні "№4 жалпы білім беретін мектеп"КММ-нің 4-сынып оқушылары үшін Ұлы Отан соғысының батыры Рахымжан Қошқарбаевқа арналған сынып сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар Р. Қошқарбаевтың ерлікпен жасаған батырлық ісімен танысып, оның ержүректілігі, қайсарлығы және Отанға деген сүйіспеншілігі туралы білді. Әңгіме, талқылау және көрнекі материалдар арқылы оқушылар бұл ерліктің маңызын тереңірек түсініп, тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығын ұғынды.
Осындай сынып сағаттары оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, батырларға деген құрметті және өз еліне деген мақтаныш сезімін арттырады.